Қатты желдің салдарын жою бойынша қалада кешелі бері тиісті жұмыстар атқарылуда.
2024 жылғы 11 қаңтар, сағат 08.00-дегі мәлімет бойынша, 109 қызметіне 300 өтініш түскен.
Электр жарығы өшкені туралы – 249, газ өшкені туралы – 2, балкон шатыры құлауы туралы – 1, тал құлағаны туралы 22 өтініш тіркелген.
Қазір аталған жағдай бойынша тиісті жұмыстар ұйымдастырылуда.
Жалпы, қала аумағында жалпы құлаған тал мен бұтақ саны – 50. Тазарту жұмыстарына 130 адам, 5 техника жұмылдырылған. 5 КамАз көлігінің щеткасымен жол жағалары сыпырылып, тазалануда.
Электр энергиясын қалпына келтіру жұмыстарымен 12 бригада айналысуда. Бұл жұмыстарға 46 маман және 14 техника жұмылдырылған.
Сонымен қатар электр қуатынан ажыраған алқаптарға жарық берілді. Кейбір көшенің үйлерінде ішінара жарық жоқ, ақаулықтарды жою бойынша жұмыс жалғасуда.
Әлеуметтік нысандарда (білім мекемелері – 130, денсаулық – 28 және басқа да 227 әкімшілік ғимаратта) жылыту маусымы қалыпты өтуде.