Қалалық қоғамдық-саяси газет

80 млн теңгенің алтынын шет ел асырмақ болғандар ұсталды

0 192

Алматы әуежайында құны 80 миллион теңге болатын үш келіден астам алтынды Біріккен Араб Әмірліктеріне әкетпек болған қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Экспресс К.

Polisia.kz медиа-порталының жазуынша, күдіктілер бағалы металды ұшақ арқылы Алматыдан Дубайға жеткізбек болыпты. Олардың бірі арам ойларын іске асыру үшін кеден қызметкерлеріне 600 доллар ұсынған. Пара беру кезінде Қазақстан азаматы қолға түсіп, кейіннен оның әуежайдағы сыбайласы да ұсталды.

ПД баспасөз қызметі
ПД баспасөз қызметі

Тексеру барысында Қытай азаматының сөмкесінен салмағы 3 келі 200 грамм болатын алтын құймалары табылды. Ал тергеу сотының санкциясымен қазақстандық күдіктінің тұрғылықты жерінде тінту жүргізіліп, онда құймалардағы алтын мен металдың мөлшерін анықтайтын электрондық таразы мен арнайы құрылғылар тәркіленді.

Қазір полицейлер осы қылмысқа қатысы бар қылмыстық топтың басқа да мүшелерін іздеп жатыр.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.