Қалалық қоғамдық-саяси газет

67 мыңға жуық жамбылдық ревакцинациядан өтті

0 189

Бүгінге дейін Жамбыл облысы аумағында COVID-19 індетінің 23 275 жағдайы тіркелсе, пневмонияға 8 361 тұрғын шалдыққан. Ал өткен тәулікте 257 адам коронавирус жұқтырса, 6 адам өкпе дертімен ауырған.

Бұл туралы ӨКҚ баспасөз брифингінде Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев айтты. Қауіпті індетке тап болғандардың 13 465-і Тараз қаласының, 1647-сі – Байзақ, 1050-і – Жамбыл, 572-сі – Жуалы, 2065-і – Қордай, 530-ы – Т.Рысқұлов, 682-сі – Меркі, 332-сі – Мойынқұм, 359-ы – Сарысу, 560-ы – Талас, 1781-і Шу аудандарында тұрады. Әскерге шақырылушылар арасынан 125 жағдай, басқа облыс тұрғындары арасынан 99 дерек тіркелді.

«Пневмония туралы тарқатып айтсам, Тараз қаласының  2478 тұрғыны, Байзақ ауданынан – 1141 тұрғын, Жамбыл – 705, Жуалы – 745, Қордай – 300, Т.Рысқұлов – 433, Меркі – 939, Мойынқұм – 196, Сарысу – 558, Талас – 527, Шудан 328 адам ауырған. Басқа облыс тұрғындары арасынан 5 жағдай тіркелді. Қазіргі таңда инфекциялық стационарларда – 373 науқас ем алып жатса, оның 28-і реанимацияда жатыр. Карантиндік стационарға 87 азамат орналасты. 10 зертханада тәулігіне шамамен 2600-2800 ПТР зерттеу жүргізілуде», – деді Әсет Әскерұлы.

Оның айтуынша, облыс бойынша 23 АМСК ұйыдарында 45 егу пункттері бар, олардың ішінде 16-сы қалада, 29-ы аудандарда орналасқан. Бүгінде 66824 адам ревакцинациядан өткен.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.