Қалалық қоғамдық-саяси газет

Аймақта шағын кәсіпорындар көптеп ашылуда

0 114

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов «Халықтың табысын арттыру бағдарламасын» іске асыру аясында Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды.

Вице-Премьер «Шамуратов Шовкат Валерьевич» ЖК жұмысымен танысты. Шағын кәсіпорын күніне 400 кг шұжық өнімдерін шығарады. Цехта 7 маман жұмыс істейді. Ауыл халқының табысын арттыру (бизнес-жобаларды қолдау) пилоттық жобасының 5 бағыты бойынша алынған несие сомасы 10 000 мың теңгені құрайды.

Сондай-ақ Ералы Тоғжанов ауданы 80 сотық жерді алып жатқан «Серік» ЖК жылыжайын аралап көрді. Несие сомасы – 14 566 мың теңге. Өткен жылы 30 тонна қияр өндірілді. Жылыжайда тамшылатып суару жүйесі орнатылған. Онда 11 адам жұмыс істейді.

Вице-Премьер пилоттық жобаны іске асырудың жоғары мультипликативтік тиімділігіне назар аударды. Мал шаруашылығын дамытудың нәтижесінде шағын цехтар іске қосылып, жаңа жұмыс орындары ашылуда.

«Халықтың табысын арттыру бағдарламасының» негізгі мақсаты – қазақстандықтардың тұрмыс деңгейін арттыру. Ол үшін халықты жұмыспен қамтуды реттеу жөніндегі жүйелі шараларды қабылдау маңызды. Бұл бағытта ауылдағы дәл осындай кәсіпорындар үлкен рөл атқарады», — деді Ералы Тоғжанов.

Байзақ ауданында пилоттық жобаның 5 бағыты бойынша барлығы 6 бизнес-жоба іске асырылды. Олардың бірі – гидропон қондырғысын сатып алу.

Қазақстандағы осы жабдықтар мен қондырғылардың негізгі жеткізушісі – Тараз қаласында орналасқан «Agro Green Technology» ЖШС.

Е. Тоғжанов қуаты тәулігіне 400 кг жем шығаруға қауқарлы жылжымалы гидропонды қондырғыда құрама жем өндіру процесімен танысты. Серіктестік сонымен қатар гидропоника әдісімен дәруменделген жасыл жем, көкөніс, күріш өсірумен айналысады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.