Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жастар жарқын болашаққа сенімді

0 1  053

Ұлы ақын Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» деп жырлаған еді. Ақын сенген жастар бүгінгі саяси науқанға белсене ат салысып, өз үндерін қосып жатыр.

Кеше ғана 18 жасқа толған бүгінгі референдумның ең жас дауыс берушілері Аяжан Әтірхан мен Фархат Қаумен Тараз қаласындағы №56 дауыс беру учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті веб-журналистика мамандығы 1-курс студенті Фархат ел болашағынан үмітті, Жаңа Қазақстанды бірге құруға барлық адам әрекет жасау керек дейді.

— Бүгін референдумға келіп дауыс беруімнің себептерінің бірі
Жаңа Қазақстанды құруға өзімнің кішкентай болса да үлесімді қосқым келеді. Осы өткізіліп жатқан референдум арқылы Қазақстанда үлкен саяси-экономикалық даму деңгейін көтеріп, халықтың әлеуметтік жағдайын жоғарылатып біздің жарқын болашағымыз үшін Жаңа Қазақстандағы жаңа қадам деп білемін,- дейді Фархат Қаумен.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.