Қалалық қоғамдық-саяси газет

500 мыңнан астам көпбалалы отбасы жәрдемақы алды – министрлік

0 478

Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы төлемдерімен орта есеппен жалпы сомасы 198,7 млрд теңгеге 501,2 мың отбасы қамтылды. Оның ішінде, шілде айында 28,6 млрд теңге жәрдемақыны 501,2 мың отбасы алды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан, үміткер бола алады.

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді. Көпбалалы отбасыларындағы 4 балаға – 50 975 теңге, 5 балаға – 63 727 теңге, 6 балаға –  76 479 теңге, 7 балаға – 89 231 теңге, 8 балаға – 101 760 теңге, 9 балаға – 114 480 теңге, 10 балаға – 127 200 теңге, 11 балаға – 139 920 теңге, 12 балаға – 152 640 теңге, 13 балаға – 165 360 теңге, 14 балаға – 178 080 теңге, 15 балаға – 190 800 теңге, 16 балаға – 203 520 теңге немесе әр балаға 12 720 теңге төленеді.

Көпбалалы отбасыларға олардың табысын есепке алмай берілетін мемлекеттік жәрдемақы Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап беріле бастады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.