Қалалық қоғамдық-саяси газет

5 қарашадан бастап Алматыдан Таразға әуе рейсі ашылады

Ведомствоның хабарлауынша, бір бағытқа билет құны – 9 мың теңге болады.

0 388

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жамбыл облысы әкімдігінің бастамасымен Алматы – Тараз – Алматы әлеуметтік маңызы бар әуе бағытына байқау өткізу туралы шешім қабылданды.

«Байқаудың қорытындысында SCAT әуе компаниясы осы бағытта тасымалдаушы болып айқындалды. Тұрақты рейстер 2021 жылдың 5 қарашасынан басталады деп жоспарланып отыр. Рейстер 148 және 50 орындық Б-737 және CRJ-2 әуе кемелерімен аптасына 6 рет орындалады», – делінген хабарламада

Ведомствоның хабарлауынша, бір бағытқа билет құны – 9 мың теңге болады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.