Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбыл облысында дәстүрлі форматта оқуды кімдер жалғастырады?

0 162

Жамбыл облысында дәстүрлі форматта оқуды кімдер жалғастырады? Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы Бейқұт Жамангозов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

Шалғайдағы 600 орынға дейінгі мектептің барлығы оқуды дәстүрлі түрде жалғастырады. 600 оқушыдан артық мектептер қашықтан оқиды. 1-2-сынып оқушылары дәстүрлі форматта оқуын жалғастырады. Ал 3-5-сынып оқушылары кезекші сыныптарда білім ала алады. Шөл даладағы мектептердің барлығы қажетті техникамен қамтамасыз етілген. Роутерлерді де пайдалануға беруге біз әзірміз, – деді Бейқұт Жамангозов.

Оның айтуынша, оқушылардың офлайн немесе онлайн оқу форматы кезеңінде ақылы мектептердің төлем жүйесінде де ештеңе өзгермейді.

Сондай-ақ Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы Бейқұт Жамангозов вакцина алған оқушылар да дәстүрлі форматта оқи алатынын айтқан еді.

 

baq.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.