Қалалық қоғамдық-саяси газет

№41 автобус бағыты қайта іске қосылды

0 472

Тараз қаласының тұрғындары үшін №41 автобус бағыты қайта іске қосылды. Аталған маршрут бойынша жолаушыларды тасымалдайтын 12 бірлік автобус енді К.Әзірбаев көшесі, Гидрокешен, Қолбасшы Қойгелді көшесі, Абай көшесі, Темір жол вокзалы, Ы.Дүкенұлы, М.Лермонтов, С.Сейфуллин, Әл-Фараби көшелері арқылы қалалық аурухана, қан орталығына дейінгі аралықта қала тұрғындарына қызмет көрсетеді.

Айта кетейік, «Smart City Servise» ЖШС Өзбекстанда шығарылған, ұзындығы 9 метр, жалпы сыйымдылығы 70 адамды құрайтын Isuzu маркалы 14 дана автобус сатып алған болатын. Оның 12-сі №41 бағытта жүрсе, қалған 2 автобус 8, 9, 56 маршруттардың резервтеріне қолданылады.
 
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.