№4 сайлау округінен Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат КАРАБЕКОВ АЛТАЙ ЗАУТБЕКОВИЧТІҢ сайлауалды бағдарламасы
Мен, Карабеков Алтай Заутбекович 1972 жылы 27 наурызда Қазақ ССР, Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келдім.
Білімім жоғары. 1991 жылы Гидромелиоративтік техникумын «Су шаруашылығы жүйелерін автоматтандыру» мамандығы бойынша тәмәмдадым. 1996 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті «Еңбек және бизнес негіздері» мамандығы бойынша аяқтадым.
Алғашқы еңбек жолымды 1997-2005 жылдар аралығында кәсіпкерлік саладан бастап, Жамбыл облысындағы «Шымкент Май» ЖШС филиалы дилері ретінде қызмет еттім.
2005 жылы «Жамбыл Дизайн» ЖШС және 2011 жылдан бері «Ауыл-Береке» ЖШС құрылтайшысымын.
2019 жылдан бастап «Тараз көтерме тарату орталығы» ЖШС құрылтайшы қызметін атқарудамын.
2017 жылы «AMANAT» партиясының қатарына қабылдандым.
Әртүрлі дәрежедегі мемлекеттік, сондай-ақ, облыстық деңгейдегі марапаттармен мадақталдым.
Отбасында 3 ұл, 2 қыз тәрбиелеп отырған әкемін.
Құрметті сайлаушылар!
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдаулары мен мемлекеттік бағдарламаларда айқындап берген бағдарлар мен бағыттарды басшылыққа ала отырып, оны өздеріңізбен бірге жүзеге асыру үшін алдағы сайлауға Бірмандатты №4 сайлау округі бойынша «AMANAT» партиясынан кандидат ретінде тіркелдім. Бұл сайлаудың зор жауапкершілігін сезінгендіктен де өзімнің бағымды, іскерлігімді саясат алаңында сынап, халқыма адал қызмет етуді мақсат еттім.
Депутаттыққа сайлану үлкен жауапкершілік жүктейді. Мәслихаттың қоғамымызда алатын орны ерекше. Ол елімізді әлеуметтік-экономикалық дамыту мен демократияландыруда маңызды рөл атқарады.
Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат болуыма орай «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасындағы негізгі бағыттардың Тараз қаласы бойынша жүзеге асырылуына, өз деңгейінде әрі мерзімінде орындалуына ықпал жасаймын.
Ел ішінде жүргендіктен халықты толғандыратын өзекті мәселелермен таныспын. Облыс халқының және сайлауға түсетін округ тұрғындары алдындағы мойныма жүктелер жауапкершілікті терең сезінемін. Осы мақсатта қаланың болашағын жарқын, халықтың әл-аухатын, экономикасын көтеру жолындағы өзімнің сайлауалды бағдарламамды ұсынамын:
Біріншіден, округте орналасқан жөндеуді қажет ететін білім беру нысандарына күрделі жөндеу жұмыстарының жасалуына, көшелерге түнгі жарық шамдарын орнатуға, аумақта тиісті абаттандыру жұмыстарының жүргізілуіне;
Екіншіден, тозығы жеткен көпқабатты тұрғын үйлерге қайта жаңғырту жұмыстарының жүргізілуіне, аулалардың абаттандырылуына, ойын алаңшаларының салынуына және қоқыс алаңдарының және жәшіктерінің жаңартылып отыруына;
Үшіншіден, бастапқы кәсіпкерлікке және бизнесті жүргізуге сервистік қолдау көрсету, аймақтық кәсіпкерлікті дамытуға үлес қосу;
Төртіншіден, тұрғындар үшін қолайлы орта қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік инфрақұрылымның сапалы болуына;
Медициналық ұйымдар (емханалар, ауруханалар), білім мекемелері (балабақшалар, мектептер), мәдениет, спорт объектілері (стадиондар, алаңдар, велосипед жолдары және т.б.), демалыс нысандары (саябақтар, скверлер, балалар алаңдары және т. б.) халыққа сапалы да қолжетімді қызмет көрсетуіне атсалысатын боламын.
Бесіншіден, сайлаушылармен ашық диалог құра отырып, кездесулер мен жиналыстар арқылы түйінді мәселелерді шешу жолдарын қарастыруға ықпал етемін.
Қаламыздың көркеюі, дамуы, тұрғындардың әлеуметтік жағдайының жақсаруы сіздер мен біздің бірлесе жұмыс жасауымыздың нәтижесінде іске асады.
Менің сайлауалды бағдарламамда берілген уәделердің орындалуы тек бір ғана адамның емес, еліміздегі ең үлкен саяси партия «AMANAT»-тың басты назарында болады.
Ашықтық, біліктілік, жетістік жолында басымыз аман, бауырымыз бүтін болсын! Мақсатым мансап емес, бірлігі жарасқан жасампаз елмен бірге болу…
Тапсырыс беруші: №4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат КАРАБЕКОВ.А.З.
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстары есебінен төленді.
Предвыборная программа кандидата в депутаты Жамбылского областного маслихата по одномандатному избирательному округа №4 КАРАБЕКОВ АЛТАЙ ЗАУТБЕКОВИЧА
Меня зовут Карабеков Алтай Заутбекович. Я родился 27 марта 1972 года в Южно-Казахстанской области Казахской ССР.
Имею высшее образование. В 1991 году окончил Гидромелиоративный техникум по специальности «Автоматизация систем водного хозяйства». В 1996 году окончил Международный казахско-турецкий университет имени Ходжи Ахмеда Ясави по специальности «Основы труда и бизнеса».
Свою трудовую деятельность я начал в сфере предпринимательства в 1997–2005 годах, работая дилером филиала ТОО «Шымкент Май» в Жамбылской области.
В 2005 году стал основателем ТОО «Жамбыл Дизайн», а с 2011 года являюсь учредителем ТОО «Ауыл-Береке».
С 2019 года я являюсь учредителем ТОО «Таразский оптово-распределительный центр».
В 2017 году был принят в ряды партии «AMANAT».
Я был награжден различными государственными и областными наградами.
Я отец троих сыновей и двух дочерей.
Уважаемые избиратели!
Опираясь на задачи, поставленные нашим Президентом Касым-Жомартом Токаевым в его Посланиях и государственных программах, я зарегистрировался в качестве кандидата от партии «AMANAT» по одномандатному избирательному округу №4 для участия в предстоящих выборах. Осознавая большую ответственность этих выборов, я поставил целью испытать свои силы и деловые качества на политической арене и честно служить своему народу.
Избрание в депутаты – это большая ответственность. Маслихат играет особую роль в нашем обществе, вносит важный вклад в социально-экономическое развитие и демократизацию нашей страны.
В связи с моей кандидатурой в депутаты Жамбылского областного маслихата, я обязуюсь способствовать выполнению основных направлений предвыборной программы партии «AMANAT» на 2023–2027 годы по городу Тараз на должном уровне и в установленные сроки.
Будучи среди народа, я знаком с актуальными проблемами, волнующими людей. Я глубоко осознаю ответственность перед жителями области и избирателями округа, где буду баллотироваться. С этой целью я предлагаю свою предвыборную программу, направленную на светлое будущее города, повышение благосостояния и уровня экономики населения:
Во первых, проведение капитального ремонта образовательных учреждений округа, требующих ремонта, установку ночного освещения на улицах, проведение соответствующих работ по благоустройству территории.
Во вторых, проведение реновации изношенных многоквартирных домов, благоустройство дворов, создание игровых площадок и регулярное обновление мусорных площадок и контейнеров.
В третьих, поддержка развития регионального предпринимательства и сервисной поддержки для начинающих предпринимателей и ведения бизнеса.
В четвертых, содействие обеспечению качественной социальной инфраструктуры для создания комфортных условий для жителей: качественное обслуживание медицинских учреждений (поликлиник, больниц), образовательных учреждений (детских садов, школ), культурных и спортивных объектов (стадионов, площадок, велодорожек и т.д.), а также мест отдыха (парков, скверов, детских площадок).
В пятых, создание открытого диалога с избирателями, организация встреч и собраний для поиска путей решения ключевых вопросов.
Процветание и развитие нашего города, улучшение социальных условий жизни наших жителей станут результатом нашей совместной работы.
Выполнение обещаний, данных в моей предвыборной программе, будет находиться не только под контролем одного человека, но и под пристальным вниманием крупнейшей политической партии страны «AMANAT».
Пусть на пути к открытости, профессионализму и успеху наши головы будут целы, а братство крепким! Моя цель — не карьера, а быть вместе с созидательным народом, объединенным единством…
Заказчик: кандидат в депутаты Жамбылского областного маслихата по одномандатному территориальному избирательному округу № 4 КАРАБЕКОВ.А.З.
Оплачены за счет расходов кандидата, покрываемых из средств республиканского бюджета.