№4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Каленова Ұлжан Медербекқызы
Өмірбаян
Мен, Каленова Ұлжан Медербекқызы, 1992 жылы Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Өрнек ауылдық округі құрамындағы Ә.Жылқышиев ауылында дүниеге келдім. 1999 жылы Тараз қаласындағы Ж.Жабаев атындағы №5 мектептің табалдырығын аттадым. 2010 жылы Қ.Тұрысов атындағы №53 мектепті аяқтап, 2014 жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтын тәмамдадым.
2014-2019 жылдары сақтандыру және техникалық сараптама орталығының маманы қызметінде жұмыс істесем, 2019-2022 жылдары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Жамбыл облыстық филиалының мамандандырылған бөлімінің маманы болдым. Ал 2022 жылы Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыру секторының Жастар ісі жөніндегі инспекторы, 2023 жылы Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы»КММ NEET жастары және жас отбасыларымен жұмыс секторының меңгерушісі болып еңбек еттім.
2023 жылдан осы уақытқа дейін «Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығы» КММ директорының орынбасары қызметін атқарып келемін.
Сайлауалды бағдарлама
– өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттырар мәселелерді шешу. Осы қарқынды әрекетімнен алдағы уақытта да танбаймын. Шын мәнінде біздің мақсатымыз айқын, ол – еліміздегі реформалы саяси үдеріске үн қосып, Әділетті Қазақстан орнатуда қамсыз қалмау. Бастысы, халық артқан сенімді ақтау, отаншыл, елшіл болу міндетімнен ешқашан қол үзбеу;
– ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың саясатын қолдау;
– қаламызды дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының орындалуына, бюджеттік қаражаттың дұрыс бөлінуіне тиімді бақылау орнатуға қол жеткізу;
– жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, жұмысқа орналасуына жағдай жасауға, құқық бұзушылық әрекеттерінің алдын алу (аула клубтарын, балалар ойын алаңдарын, спорт алаңдарын ашуға барынша үлес қосу. психологиялық көмек көрсету, кеңестер беру);
– нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру (синтетикалық есірткі түрлері), қылмысқа қарсы тұруға тиімді шаралар қабылдау жұмысына белсенді түрде атсалысу;
– лудоманияың алдын алу жолдарын қарастыру. Осы бағытта психологиялық көмек көрсету, кеңестер беру;
– жастар саясатын жүзеге асыру, жастарды әлеуметтік қорғау, жастарға кәсіптік бағдар беру, мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау, қайтарымсыз грант бойынша бағыт беру.
Жастар – жаңа идеялардың қайнар көзі, оң өзгерістердің қозғаушы күші. Жастар – болашағымыз. Демек, жастарымыз қандай болса, болашағымыз да сондай болмақ. Бүгінде өзінің әлеуметтік игілігі, жайлы өмірі ғана емес, сондай-ақ мемлекет үшін, қоғам үшін, қала берді отбасы үшін сапалы өмірді қалыптастыратын жастардың осы жолда түрлі сын-қатерге төтеп беруді өмірлік басты қағидаларына айналдыруы заңды.
Тәуелсіз еліміздің тұғырлы болуына барынша үлес қосып, осы бағыттарда жұмыс атқаруға, аянбай еңбек етуге әрқашан дайынмын!
Тапсырыс беруші: №4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Каленова Ұ.М.
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстары есебінен төленді.
Кандидат в депутаты Жамбылского областного маслихата по одномандатному территориальному избирательному округу № 4 Каленова Улжан Медербековна
Биография
Я, Каленова Улжан Медербековна, родилась в 1992 году в селе А.Жылкышиев в составе Орнекского сельского округа района Турара Рыскулова Жамбылской области. В 1999 году переступила порог школы №5 имени Ж. Жабаева в городе Тараз. В 2010 году окончила школу №53 имени К.Турысова, а в 2014 году окончила Таразский государственный педагогический институт.
В 2014-2019 годах работала специалистом центра страховой и технической экспертизы, в 2019-2022 годах работала специалистом специализированного отдела Жамбылского областного филиала государственной корпорации «Правительство для граждан» (ЦОН Спеццон). В 2022 году работала инспектором по делам молодежи организационного сектора КГУ «Молодежный ресурсный центр» отдела внутренней политики акимата города Тараз в 2023 году заведующим сектором по работе с молодежью и молодыми семьями NEET КГУ «Молодежный ресурсный центр »отдела внутренней политики акимата города Тараз.
С 2023 года по настоящее время являюсь заместителем директора Молодежного ресурсного центра отдела внутренней политики акимата города Тараз.
Предвыборная программа
– Решение проблем, повышающих социально-экономический потенциал региона. От этой напряженной деятельности я не откажусь и впредь. На самом деле наша цель ясна, это – откликнуться на реформированный политический процесс в нашей стране и участвовать в создании справедливого Казахстана. Главное, чтобы оправдать доверие народа, быть патриотичным;
– Поддержка политики Президента РК Касым-Жомарта Токаева;
– Достижение эффективного контроля за выполнением экономических и социальных программ развития города правильным распределением бюджетных средств;
– Способствовать эффективному использованию досуга молодежи, созданию условий для трудоустройства, предупреждению правонарушений (создание дворовых клубов, детских игровых площадок, спортивных площадок. Оказание психологической помощи, консультирование);
– Рассмотреть пути профилактики лудомании. Оказание психологической помощи, консультирование в данном направлении;
– Моя цель – реализация молодежной политики, социальная защита молодежи, профориентация молодежи, пропаганда государственных программ, направление по безвозвратным грантам;
Молодежь – источник новых идей, движущая сила позитивных изменений. Молодежь – наше будущее. Это значит, что у нас будет такое же будущее, как и у молодежи. Сегодня для них формирующей качественную жизнь не только для своего социального блага, комфортной жизни, но и для государства, общества, семьи, закономерно, что на этом пути она становится главным жизненным принципом, чтобы противостоять различным вызовам.
Я всегда готова внести свой вклад в становление независимой страны, усердно работать в этих направлениях!
Заказчик: кандидат в депутаты Жамбылского областного маслихата по одномандатному территориальному избирательному округу № 4 Каленова У. М. Оплачены за счет расходов кандидата, покрываемых из средств республиканского бюджета.