Видеоблогер Қытайдағы мұсылмандарға арналған лагерьді видеоға түсірді. Бұл туралы «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Гуань Гуань лақап атын иеленген блогер өзін турист етіп көрсетіп, екі иықты сөмкесінде жасырылған камерамен Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының 8 қаласын аралап шықты. Ол осы қалаларда Қытайдағы саны аз, қысым көрген ұлттар тұрады деп есептеген. Ол тікенді сыммен, күзет мұнараларымен және полицияның бақылау-өткізу пункттерімен қоршалған 18 лагерьді анықтады. Сондай-ақ блогер «Еңбек арқылы түзеу» деген ұран жазылған баннері бар үлкен тергеу изоляторын да түсірген. Көптеген лагерь карталарда белгіленбеген.