Қалалық қоғамдық-саяси газет

Түркиядағы фестивальде «Қазақфильм» арнайы жүлдемен марапатталды

Korkut Ata Turkic World Film Festival кинофестивалінде биыл 13 елден барлығы 42 кинотуынды қатысты.

0 774

Кеше Ыстанбұл қаласында өткен Korkut Ata Turkic World Film Festival кинофестивалінің салтанатында Шәкен Айманов «Қазақфильм» киностудиясы «Түркі елдері кинематографиясына қосқан үлесі үшін» арнайы жүлдемен марапатталды. Бұл награданы киностудияның президенті Ақан Сатаевқа табыстады, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Марапаттау салтанаты әдеттегідей қызыл кілем үстінен өту рәсімімен басталды.  Бұл шараға Қазақстанның делегациясы – Қазақстанның халық артисі Асаналі Әшімов, «Қазақфильм» киностудиясының президенті Ақан Сатаев, киностудияның өндіріс бойынша вице-президенті Айдар Баталов, «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕҚ Бас продюсері Адай Әбілдинов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рустем Әбдірашев, актер Берік Айтжанов, актер Еркебұлан Дайыров, актрисалар Альмира Тұрсын және Мадина Есманова, режиссер Нұрғиса Әлмұрат, продюсер Нұрлан Қоянбаев және басқалары қатысты. Фестивальдің жабылу салтанатына ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова да қатысты.

Айта кетсек, фестиваль шеңберінде Қазақстан, Әзербайжан, Түркия, Өзбекстан және Қырғызстан министрлері жоғарыда аталған мемлекеттерде «Қорқыт ата» фестивалін өткізу, сондай-ақ, кино өнері саласында ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды.

Түркияда алғаш рет өткізіліп отырған Korkut Ata Turkic World Film Festival кинофестивалінде биыл 13 елден барлығы 42 кинотуынды қатысты.

Фестивальдің ашылу салтанатында режиссер Ақан Сатаевтың «Томирис» фильмі көрсетілді.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.