Қалалық қоғамдық-саяси газет

35 ел өз азаматтарына Украинадан кетуге кеңес берді

0 393

Соңғы күндері өз азаматтарына Украинадан кетуге кеңес берген елдердің саны күрт өсіп келеді. Соңғы мәліметтер бойынша, мұндай ұсыныстар 35 мемлекеттің азаматтарына айтылған, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталған деректерді «Пул №3» Telegram арнасы келтіреді.

Бұған дейін 20-ға жуық ел әскери қақтығыстан қорқып, өз азаматтарына Украина аумағынан кетуге кеңес бергені туралы хабарланған болатын. Олардың қатарында Австралия, Ұлыбритания, Латвия, Израиль, Канада, Греция, Жаңа Зеландия, Нидерланды, Норвегия, АҚШ, Сонымен қатар Финляндия, Черногория, Эстония, Оңтүстік Корея, Жапония, Бельгия, Германия және Литва бар.

Өткен түнде тізімге Кувейт, Ирак, Италия, Испания, БАӘ, Сауд Арабиясы, Швеция, Словения, Иордания, Палестина, Марокко, Люксембург, Багамалар, сондай-ақ Солтүстік Македония, Албания, Болгария, Бахрейн және Кипр қосылды.

Өз кезегінде Еуроодақтың (ЕО) Сыртқы істер және қауіпсіздік жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррель Еуроодақ Украинадағы дипломатиялық өкілдіктерін жаппайтынын мәлімдеді.

Айта кетейік, 11 ақпанда АҚШ мемлекеттік хатшысы Ресей Украинаға кез келген уақытта, соның ішінде Бейжің Олимпиадасы уақытында шабуыл жасай алады деп мәлімдеді. Ресейдің Украинаға «басып кіру» күнін АҚШ президенті Джо Байден 16 ақпан деп болжады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.