Қалалық қоғамдық-саяси газет

Абай кенішіндегі қайғылы оқиға: Қаза болғандардың есімдері белгілі болды

0 736

Қарағанды ​​облысындағы Абай кенішінде қаза тапқандардың тізімі жарияланды. Марқұмдардың алтауы да 1968-1990 жылы туған ер адамдар, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Төтенше жағдай кезіне қаза болған кеншілердің аты-жөні:

Краус Сергей Юрьевич, 1983 жылы туған, үйленген, Абай қаласында тұрған.

Шмидт Виталий Владиславович, 1979 жылы туған, үйленген, Абай қаласында тұрған.

Абдуллин Наиль Рамилевич,1990 жылы туған, үйленген, Абай қаласында тұрды.

Корниенко Сергей Анатольевич, 1971 жылы туған, үйленген, Абай қаласының тұрғыны.

Супрунов Алексей Алексеевич, басшының көмекшісі, 1987 жылы туған, үйленген, Абай қаласының тұрғыны.

Скитченко Николай, тау-кен шебері, 1968 жылы дүниеге келген.

7 қараша күні таңертең Қарағанды ​​облысы Абай қаласындағы «Абай» шахтасының түбінде метан бөлінді. Кеніште барлығы 64 жұмысшы болған. 56 адам дереу өз бетімен эвакуацияланды. Ішінде сегіз жұмысшы қалды: олардың алтауы қайтыс болды, екеуі газдан зардап шекті, жағдайы ауыр.

Оқиға орнына төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Юрий Ильин бастаған комиссия оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ұшып кетті.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.