Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Қазгидромет»: Республиканың көп бөлігінде қар жауып, көктайғақ болады

0 587

3 қараша күні елімізде ауа райы құбылмалы болады. Синоптиктердің болжауынша, кей аймақтарда бұрқасын жел соғады, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Express Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы «Қазгидромет» ауа райын болжау орталығы мәлімдеді.

ШҚО-ның солтүстігінде, Қарағанды облысыныңсолтүстігі мен шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел күшейіп, бұрқасын соғады. Шығыс Қазақстан облысындағы жел екпіні секундына 23 метрге жетеді.

Сәрсенбі күні антициклонға байланысты еліміздің батысы мен солтүстігінде күн райы ашық болады.

Алматы облысының солтүстік-шығысында, Түркістан облысының солтүстігі мен батысында, түнде Қызылорда облысының солтүстігінде, Атырау облысының батысында, шығысында, солтүстігінде мен оңтүстігінде және Ақтөбе облысының орталығында жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Срндай-ақ, Түркістан мен Қызылорда облыстарында жел екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді.

Республиканың солтүстігі, шығысы мен орталығында қалың қар жауады.

Жамбыл облысының солтүстігінде және таулы аудандарында тұман түседі. Күндіз солтүстік-шығысында және таулы аймақтарында жел секундына 15-20 метрге күшейеді.

Күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында жел секундына 15-20 метрге дейін күшейіп, шаңды дауыл соғады.

Павлодар облысында көктайғақ болып, БҚО-ныңсолтүстігінде тұман түсуі ықтимал.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.