Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстанда бір жылда 7 мыңға жуық оқушы қыз жүкті болып қалған

0 1  206

Қазақстанда былтыр 7 мыңға жуық оқушы қыз жүкті болып қалған, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Олардың арасында оның мыңнан астамы жасанды түсік жасатыпты.

Қызылорда облысы Жөлек ауылының тұрғындары әлеуметтік желіде дабыл қақты. Ашынған ата-аналар  мектепте жүріп  жүкті болған 2  оқушы қызды талқыға салды. Айтуларынша, олардың балалары оқитын мектепте мұндай жағдай жиі болады.  

Бізді алаңдататыны Шиелі ауданы Жөлек ауылының №152 мектебінің білім мәселесі. Үш жылдан бері бір індет келді.  Жылына бір оқушы қыз мектепте оқып жүріп үйленеді.

“Келесі жылы да тағы бір оқушы үйленуі ғажап емес. Осылардың барлығын жасыра береміз бе? Ауруын жасырған ауырмай өледі. Ағайынын жасырған бүлінеді” деген осы. Тоқтау бола ма? Жоқ па? Ата-ана ма әлде мектеп пе, кім жауапты, анықтап беріңдер!” – деп ашынды олар.

Ал қарағандылық  Әсемгүлдің 17 жасында аяғы ауыр боп қалған. Айтуынша, жүкті екенін ол 5-ші айда бір-ақ білген.  Жігітім үйленемін деп алдап кетті дейді.

“Басында біз кездесіп жүрдік, басында жақсы болатын, инстаграмм бойынша ғой. Кездесіп бастадық,  дос ретінде сөйлесіп жүрдік, одан кейін жүресің ба деді. Сонымен келістім. Үйленем, бүйтем сүйтем деген сияқты, аяғымның ауыр екенін кеш білдім. 3 айдай, максимум 5 айға дейін білген жоқпын. Алданып қалдым”, – дейді Әсемгүл.

Әсемгүлдің жасанды түсік жасату ойында болған.  Бірақ қимадым дейді ол. Қазір бөпесі қасында.

Елімізде кәмелетке толмағандар арасында жүктілік жиі кездеседі. Ресми статистикаға сүйенсек,  2019 жылы 6000 оқушы жүкті болса, 3500 қыз түсік жасатқан. 2020 жылы 6724 қыз жүкті болған , оның  5639-ы босанып, бөпесін бауырына басқан. 1086 жасөспірім түсік жасатқан.

Мамандардың айтуынша, бұл  бойжетіп жатқан қыздардың ата-анасымен ашық сөйлеспеуінен. Мектеп қабырғасында да түсіндірме жұмыстары жүргізілмейді. Сондықтан да жасөспірімдер жиі алданып қалады  дейді.

“Мен білмегендіктен осындай жағдайға түстім дейді. Негізі біз 14 жасқа дейін баланы заң бойынша жалғыз өзін қабылдамаймыз. Ол кезінде ата-анасымен бірге келу керек. Бірақ та 14-тен асқан болса, өзі келуіне болады. Ең бастысы отбасыдан бұл жабық тақырып деп айтамыз ғой. Осы тақырыптардың рет-ретімен дұрыс түсіндірілуі”, – дейді сексолог-психолог Гүлнұр Темірбекқызы.

Психологтардың айтуынша, соңғы кезде жаңа туған сәбиін дәретхана мен қоқысқа  лақтырып тастау  дерегінің  жиілеуінің де бір ұшы осыған кеп тіреледі.  Ал жасанды түсік  көрсеткіші Еуразиялық экономикалық ынтымастақтық ұйымына мүше мемлекеттермен салыстырғанда біздің елде 6 есе көп. Біз  болары болып, бояуы сіңген соң  ғана кінәліні іздейміз. Бірақ оның артында қандай мәселе тұрғанына мән беріп жатқан ешкім жоқ. Өкінішке қарай, ерте жүктіліктің соңы қайғылы жағдаймен аяқталатыны да алаңдатарлық жағдай.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.