Қалалық қоғамдық-саяси газет

33-ші маусымға 33 жоба

0 186

33 жылға жуық тарихы бар «Jambyl» телеарнасы жаңа маусымын бастады. Осыған орай аймақ айнасында жаңа маусымның таныстырылымы өтті.

Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Алмас Садубаев, жергілікті БАҚ өкілдері мен сала ардагерлері қатысты.
Алғашқы болып сөз сөйлеген Еркін Құлымбайұлы телеарнаның жұмысына табыс тілеп, ізгі тілегін жолдады. Лебіздер легі одан әрі Асқарбек Сейілхан мен Ғайни Әлімбекқызы бастаған телеарна ардагерлерінің құттықтау сөздерімен жалғасты.
Тамырын тереңге жайған телеарнаның жаңа маусымы тың жобаларға толы. Айталық, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ұтымды кеңес беретін «8 Aimaq», «Baqyt kilti», «Patriot», «Шевели извилинами», «Qalamger kluby», «Әкім 08», «Rauan», «Служба спасения» сынды жарқын айдарлар көрерменге жол тартпақ. Бұған қоса тәулігіне 4 мәрте тікелей эфир ұйымдастырылып, тілшілер оқиға орнынан жедел ақпарат тарататын болады.
Шараны түйіндеген «Jambyl» телеарнасының директоры Гүлбаршын Құланбаева аймақ айнасы тек мұнымен ғана шектелмей, көрермен сұранысын қанағаттандыру бағытындағы жұмыстарын жалғастыра беретінін жеткізді.

Лаура Абайқызы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.