Қалалық қоғамдық-саяси газет

31 адам жарақат алды: Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында атыс қайта басталды (видео)

0 180

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы жағдай қайта ушықты. Қырғыз сарбаздары әлеуметтік желіде атыс кезіндегі видеоны жариялаған. Қазір екі тарап келісімді бұзды деп бір-бірін айыптады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қырғызстан тарапы Тәжікстанды оқ атпау туралы келісімді бұзды деп айыптады.

«Өкінішке орай тәжік тарапы жанжал аймағына ауыр әскери техника әкелуін жалғастырып жатыр. Біздің жерді басып алу мақсатында Қырғызстан Республикасының аумағын атқылау үшін бар арсеналын қолдануда», – деп жазды Қырғызстан Үлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің баспасөз қызметі.

БАҚ мәліметінше, шекарада 31 қырғыз азаматы жарақат алған. Дегенмен Тәжікстан тарапы жанжалды бірінші бастады деген айыпты жоққа шығарды.

Қазір аймақта әскери қақтығыс жалғасып жатыр. Қос мемлекеттің қорғаныс ведомстволары оқ атуды тоқтату жайлы келісімге келгені туралы хабарлама бар, дегенмен жағдай одан әрі ушыққан.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.