Қалалық қоғамдық-саяси газет

30 жылдыққа 30 түп арша ағашын отырғызды

0 435

Биыл егемендікті еншілеп, тәуелсіз ел атанғанымызға 30 жыл толды. Айтулы мереке қарсаңында еліміздің түкпір-түкпірінде игі шаралар ұйымдастырылуда. Сондай жарқын істердің бірі Тараз қаласындағы №56 орта мектепте көрініс тапты. Жуырда «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына – 30 түп ағаш» акциясы аясында білім ордасының ауласына 30 түп арша ағашы отырғызылды. Табиғаттың тосын мінезіне қарамастан, білім ордасының басшыларынан бастап, мектеп табалдырығын биыл аттаған бүлдіршіндерге дейін шараға белсене атсалысты. Осылайша оқу ошағы еліміздің ең ұлық мерекесіне сүбелі үлес қосты.
Арша ағаштары алдағы уақытта оқушылар демалатын жанға жайлы аллеяның алғашқы іргетасы екенін айта кеткен жөн.

Бақытжан БАЙЖАНОВА,
№56 орта мектебінің орыс тілі пәнінің мұғалімі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.