Қалалық қоғамдық-саяси газет

28 ақпанда «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің отырысы өтеді

0 232

Бүгін «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесі Бюросының қаулысымен 28 ақпанда Саяси кеңестің отырысын өткізу туралы шешім қабылданды. Бұл туралы партияның Атқарушы хатшысы Асхат Оралов өзінің Facebook-тегі парақшасына жазды деп хабарлады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Онда партияның кезектен тыс XXII Съезінің күн тәртібі бекітіледі. Сондай-ақ Саяси кеңес Бюросының қаулысымен «Nur Otan» партиясынан Парламент Мәжілісі депутатының бос мандатын партиялық тізім бойынша Саясат Нұрбекке беру туралы шешім қабылданды», – деді Асхат Оралов.

Тиісті шешім Орталық сайлау комиссиясына жіберілді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.