Қалалық қоғамдық-саяси газет

22 ТҮРЛІ ӨНІМ ТҰРҒЫНДАРҒА ҰСЫНЫЛУДА

0 247

Конституция күні қарсаңында аудан орталығында ауылшаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылып, ауылдық округтегі шаруа қожалық пен кәсіпкерлердің өнімдері тұрғындарға қолжетімді бағада ұсынылды.

Жәрмеңкені аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы мен орынбасары Ербол Жиенқұлов аралап, өнім бағаларына назар аударды.
Тұрғындар қажетті өнімдерді сатып алып, жәрмекедегі бағаның арзан екеніне көз жеткізді.
Жәрмеңке күні бойы жалғасын тапты.
Өнімдерге келер болсақ, аудан әкімдігі ауылшауашылық бөлімінің бас маман-агрономы Амангелді Әбдібековтің айтуынша сөрелерде 3000 дана жұмыртқа, 200 келі сиыр еті, 160 келі қой еті, 250 келі тауық еті, 120 литр сүт, айран, 140 келі сүт өнімдері, 90 литр қымыз, 500 келі шұжық өнімдері, 200 келі балл, 2300 келі пияз, 500 келі сәбіз, 2200 келі картоп, 200 келі қырыққабат, 60 келі қызылша, 350 келі тәтті бұрыш, 1350 келі қияр, 1300 келі қызанақ, 200 келі сарымсақ, 800 келі алма, 500 келі қауын, 3500 келі қарбыз және басқада өнімдер саудаланды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.