Қалалық қоғамдық-саяси газет

21 мемлекеттің туын жатқа білетін екі жасар бала халықты таңғалдырды

0 271

Екі жасар Абай 20-дан аса елдің туын жатқа біледі. Ерекше дарынды сәби «Таңшолпан» бағдарламасында қонақта болып, Қазақстаннан бастап, Испания, Аргентина сынды көптеген елдердің мемлекеттік рәміздерін көрсетіп берді. 

Абай Қазақстан, Канада, Америка, Чехия, Корея, Испания, Аустралия, Аргентина, Грузия, Қырғызстан, Моңғолия, Португалия, Түркия, Франция, Хорватия, Жапония, Өзбекстан елдерінің туларын дәл тауып, атап берді.

Анасы Айнұр Ибрагимованың айтуынша, ол 5-6 айынан бастап баланың ақыл-ойын дамытатын түрлі ойындар ойнаған.

«Туды үйренгенімізге көп болған жоқ. Бір айдың ішінде үйреніп алды. Күніне 2-3 тудан үйретіп, қазір 20-дан аса елдің туын білеміз.
5-6 айынан бастап кітаптар, карточкалар көрсетіп, тілін ерте шығаруға барынша атсалыстық. 1-ге толмай сөйлеп кетті», – дейді Айнұр Ибрагимова.

Осы ретте ол баланы ерте дамыту үшін не істеу керектігін айтты.

«Баламен көп сөйлесу керек, жақсы көру керек. Сапалы уақыт өткізу керек. Гаджеттерді мейлінше аз көрсету керек», – деді ол.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.