Қалалық қоғамдық-саяси газет

№21 бір мандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Тараз қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Несіпбеков Бекбол Болысханұлы

0 486

Құрметті Тараз қаласының тұрғындары!

Мен, Несіпбеков Бекбол Болысханұлы, 1992 жылы 6 қарашада Жамбыл облысы, Тараз қаласында дүниеге келдім. Қазақстан Республикасының азаматымын, ұлтым – қазақ.
2014 жылы Д.А.Қонаев атындағы көлік және құқық гуманитарлық университеті, 2019 жылы Қазақ қатынас жолдары университетінің магистратурасын тәмамдадым.
2017 жылы еңбек жолымды арнайы пәндер оқытушысы ретінде бастадым. Қазіргі уақытта Тараз сервис және технологиялар колледжі директорының орынбасары қызметіндемін.
Тараз қаласының және оның тұрғындарының проблемаларын жақсы білемін. Әсіресе шұғыл шешуді қажет ететін әлеуметтік саладағы, оның ішінде: білім беру мекемелерінің жай-күйі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың жағдайы, жолдарды жөндеу, жаяу жүргіншілер жолын салу, жастар жұмыссыздығы туралы мәселелер. Сіздермен бірге осы өткір мәселелерді біз шеше аламыз деп ойлаймын. Күшімізді біріктіре отырып, әр тұрғынның тұрмыс сапасын едәуір арттыруға және тарихы терең көне қаламызды дамытуға ықпал ететінімізге сенімдімін.
Әлеуметтік нысандарға тоқталсақ, №21 сайлау округінің аумағында 3 жалпы білім беретін мектеп, 2 емдеу мекемесі және балабақшалар бар. Көпқабатты үйлердің алдында балалар алаңшалары, футбол алаңдары салынған. Күнделікті қажеттілік үшін дүкендер, дәріханалар, шаштараз салондары, қөліктерді жөндейтін станциялар бар. Алайда әлі де шешуді талап ететін мәселелер көп.

Құрметті сайлаушылар!

Мынандай бағыттарда жұмыс жасауға ықпал жасаймын:
1. «Қарты бар үйдің қазынасы бар»:
– Зейнетке шығу жасын 60 жасқа дейін төмендету;
– Зейнетақы мөлшерін жылына 33 пайызға көтеру, 2024 жылдан 2027 жылға дейін;
– Зейнеткерлерді жылына бір рет емдеу орындарына жергілікті бюджет есебінен жіберу.
2. «Халық пен биліктің арасына алтын көпір»:
– Сайлаушылардың өтініш-тілектеріне құлақ түріп, көкейлерінде жүрген түйткілді мәселелерінің түйінін тарқату;
– Сайлау округіндегі тұрғындармен жиі жүздесіп, әлеу- меттік мәселелеріне атқарушы биліктің назарын аудару;
3. «Спорт және мәдени демалыс»:
– Жастардың бос уақытын тиімді өткізуін қамтамасыз ету мақсатында округтегі спорт алаңшаларының санын арттыруға демеушілерді тартып, мәдени, демалыс пен спорт жарыстарын жиі ұйымдастыруға ықпалдасу.
Құрметті қала тұрғындары!
Менің мақсатым – қала тұрғындарының әл-ауқатын барынша көтеру. Өз бойымдағы ізгі қасиеттер мен белгілі бір деңгейдегі тәжірибемді пайдалана отырып, өздеріңіздің пікірлеріңізді ескеріп, бірлесе жұмыс істеуге күш саламын. Сондықтан алда келе жатқан сайлауға округ тұрғындары белсене қатысып, ынтымағы мен бірлігін көрсетеді деп сенемін.
Сіздерді үстіміздегі жылдың 19 наурызында өтетін сайлауға келіп, дауыс беруге шақырамын!

Уважаемые жители города Тараза!

Я, Несипбеков Бекбол Болысханович, родился 6 ноября 1992 году в городе Таразе Жамбылской области. В настоящее время живу в городе Таразе. Гражданин Республики Казахстан, казах.
В 2014 году окончил Гуманитарный университет транспорта и права им. Д.А.Кунаева по специальности «Радиотехника, электроника и телекоммуникации». В 2019 году окончил магистратуру Казахского университета путей сообщения по специальности «Радиотехника, электроника и телекоммуникации». Магистр технических наук.
Трудовую деятельность начал в 2017 году преподавателем специальных дисциплин;
2017-2019 гг. – преподаватель Алматинского технико-экономического колледжа путей сообщения;
2019-2021гг. – методист Алматинского многопрофильного колледжа;
С сентябра 2021 года по настоящее время – заместитель директора Таразского колледжа сервиса и технологий.
Мне хорошо известны проблемные вопросы города. Мы видим и постоянно слышим о них. Особенно те социальные проблемы, которые ждут непременного решения, как состояние школьных зданий, жилищно-коммунальные условия, ремонт дорог, строительство тротуаров, безработица среди молодежи.
В нашем округе находятся 3 общеобразовательные школы, 2 медицинских учреждений, детские сады. Во дворе многоквартирных домов построены детские площадки, футбольные площадки. В секторе МСБ действуют СТО, магазины, аптеки, парикмахерские, ателье, которые обеспечивают основную занятость населения. Однако еще много нерешенных проблем.
Выбирая меня, Вы доверите решение следующих проблем:

1. «Старость отменяется! Пенсионный возраст пролетает мимо»:
– Снижение пенсионного возраста до 60 лет;
– Повышение размера пенсионных выплат на 33 процента в год, с 2024 по 2027 год;
– Направление пенсионеров на лечебные места один раз в год за счет средств местного бюджета;
3. «Налаживание коммуникации между властью и обществом»:
– Содействие в решении актуальных проблем и обращений избирателей;
– Организовывать встречи с жителями округа и доводить их социальные проблемы исполнительной власти;
4. «Спорт и культурный отдых»
– В целях обеспечения досуга молодежи содействовать увеличению спортивных площадок, организации культурных и спортивных мероприятий путем привлечения спонсоров.

Дорогие земляки!

Используя свои достоинства и определенный уровень опыта, я буду стараться работать вместе, принимая во внимание ваши мнения. Поэтому уверен, что в предстоящих выборах жители округа примут активное участие, проявят солидарность и единство.
Приглашаю вас прийти и проголосовать на выборах, которые состоятся 19 марта текущего года!

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.