Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

2026 жылы МӘМС-ке кім қанша төлейді?

0 74

2026 жылғы қаңтардан бастап «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңға өзгерістер күшіне енді. Соған сәйкес, жарналар мен аударымдар есептелетін шекті табыс мөлшері өзгерді. Ал мөлшерлемелер бұрынғыдай сақталды. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметі хабарлады.

✔️Жұмыс берушілердің аударымдары – қызметкер табысының 3%-ы
Аударымның ең жоғары мөлшері – айына 102 000 теңгеге дейін

✔️Қызметкерлердің және азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыс істейтін тұлғалардың жарналары – табыстың 2%-ы
Ең жоғары жарна – айына 34 000 теңгеге дейін

✔️Жеке кәсіпкерлердің және жеке практикамен айналысатын тұлғалардың жарналары – айына 5 950 теңге (1,4 ЕТЖ 5%)

✔️Дербес төлеушілердің жарналары – айына 4 250 теңге (ЕТЖ 5%)

Жеке кәсіпкерлер мен дербес төлеушілердің жарналарын есептеу үшін ең төменгі жалақы қолданылады. 2026 жылы оның мөлшері – 85 000 теңге

💳 МӘМС жарналарын төлеу жолдары:
* «Қазпошта» АҚ кассаларында
* екінші деңгейлі банктердің кассалары мен мобильді қосымшаларында
* төлем терминалдары арқылы

МӘМС – күтпеген медициналық шығыннан қорғайды. Ертеңіңізге сенімді болыңыз!

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.