Қалалық қоғамдық-саяси газет

2023 жылы қазақстандықтар ХҚКО арқылы 2,6 миллионнан астам төлқұжат пен жеке куәлік алды

0 494

2023 жылы 127 мыңнан астам жамбылдық Азаматтарға арналған үкіметтен төлқұжат пен жеке куәлік алды. Салыстыратын болсақ, 2022 жылы 140 мыңнан астам азаматқа жеке басын куәландыратын құжат берілген болатын.

Ал Астана мен Алматы қалаларында орнатылған құжаттама терминалдары арқылы соңғы бір жылда 19 мыңға жуық адам өтініш берген.

«Терминалдар уақытты үнемдейді және бірнеше минут ішінде өтініш беруге мүмкіндік береді. Азаматтардың ыңғайлылығы біздің жұмысымыздың басымдығы және біз мемлекеттік қызметтерді көрсетуді одан әрі де жетілдіріп, әрбір қазақстандық үшін мүмкіндігінше тиімді және жедел болатындай етеміз» – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Басқарма Төрағасы Арман Кенжеғалиев.

Сондай-ақ, атап өтер болсақ, 2024 жылға келесідей мемлекеттік баж алымы белгіленді: ҚР азаматының 36 парақты төлқұжаты үшін – 8 АЕК, 48 парақты төлқұжат үшін – 12 АЕК, 24 парақты төлқұжат үшін (16 жасқа дейінгі балаларға) – 4 АЕК. Жеке куәлік үшін төлем 0,2 АЕК-ті құрайды.

Айта кетейік, өткен жылы төлқұжаттар мен жеке куәліктерді беру сұраныстағы үшінші мемлекеттік қызмет қатарынан табылды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.