Қалалық қоғамдық-саяси газет

2023 жылдан бастап темекі қымбаттайды

0 599

Қазақстан Республикасының 2022 жылғы Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес темекі өнімдеріне акциз ставкалары 2023 жылдан бастап кезең-кезеңімен көтеріледі. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.

Фильтрі бар сигареттер:

  • 2023 жылы – 14 100 теңге/1 000 дана;
  • 2024 жылы – 15 900 теңге/1 000 дана;
  • 2025 жылы – 15 900 теңге /1000 дана.

Сигарилларға акциз ставкалары сигареттер ставкаларына теңестірілген.

Қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға өлшем бірлігін килограмнан данаға өзгерте отырып, сигареттерге акциз ставкасының мөлшерінен 70 пайыз деңгейіндегі акциз ставкасы айқындалды:

  • 2023 жылы – 9 870 теңге /1000 дана;
  • 2024 жылы – 11 130 теңге /1000 дана;
  • 2025 жылы – 11 130 теңге /1000 дана.

Электрондық сигареттерде пайдалануға арналған картридждердегі, резервуарлардағы және басқа да контейнерлердегі никотині бар сұйықтыққа ставка артты:

  • 2023 жылы – 53 теңге/сұйықтық миллилитріне;
  • 2024 жылы – 55 теңге/сұйықтық миллилитріне;
  • 2025 жылы – 55 теңге/сұйықтық миллилитріне.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.