Қалалық қоғамдық-саяси газет

2023 жылғы 29 қазанға тағайындалған Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының №22 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттың орнына кандидаттарды тіркеу туралы Тараз қалалық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

0 293

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 104 – бабы 6-1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, №22 бірмандаттық аумақтық сайлау окруі бойынша округтік сайлау комиссиясының шешімімен Тараз қалалық мәслихатының депутаттығына төмендегідей кандидаттардың тіркелгені жөнінде хабарлайды:
1. Пірманов Рашид Сантөреұлы, 1979 жылы туған, «ӘулиеатаТрансПасс» ЖШС-нің директоры, Тараз қаласының тұрғыны. Ұлты – қазақ, «AМАNАТ» партиясы» қоғамдық бірлестігі ұсынған.
2. Орманов Дархан Алиханович, 1980 жылы туған, «Дулат» шаруа қожалығының агрономы, Тараз қаласының тұрғыны. Ұлты – қазақ, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
3. Мирхадиров Ринат Мирзагалимович, 1982 жылы туған, «Polichem Sentral Asia» ЖШС-нің директоры, Тараз қаласының тұрғыны. Ұлты – қазақ, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
4. Оспанов Нурсултан Талгатович, 1990 жылы туған, «Respublika» партиясының Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, Тараз қаласының тұрғыны. Ұлты – қазақ, «Respublika» партиясы» қоғамдық бірлестігі ұсынған.
5. Ташметов Рустам Ахметжанович, 1984 жылы туған, «Volonter-group 08» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Тараз қаласының тұрғыны. Ұлты – өзбек, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
6.Бердалиев Мурат Азимханович, 1964 жылы туылған, Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры. Ұлты – қазақ, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.