Қалалық қоғамдық-саяси газет

2022 жылға мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

0 421

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37 бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9, 27-баптарына, «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2016 жылғы 13 маусымдағы №498 бұйрығына сәйкес Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тараз қаласы аумағындағы ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдар мен дара кәсіпкерлер үшін ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін 2022 жылға қосымшаға сәйкес квота белгіленсін.
2. «Тараз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындауын бақылау қала әкімінің орынбасары Д.Әбілқайыровқа жүктелсін.

Қала әкімі                                                                                                                                                                              Е.Жылқыбаев

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.