Қалалық қоғамдық-саяси газет

200 мың теңгеге көлікті заңдастыру: ІІМ барлық сұраққа жауап берді

0 775

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыруды, оларды кәдеге жарату және бастапқы тіркІІМ ӘПК төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев жауап берді, деп хабарлайды Эксрпесс К.

Қандай көліктер заңдастыруға жатпайды?

Іздеуде жүрген (қылмыстық көлік) немесе толық кедендік тазартудан өтпеген, сондай-ақ 2022 жылдың 1 қыркүйегінен кейін әкелінген автокөліктер.

Шетелдік автокөліктерді заңдастыру қашан басталады және қанша уақытқа созылады?

Қажетті заңнамалық өзгерістер күшіне енгеннен кейін және тиісті Үкімет қаулысы қабылданғаннан кейін заңдастыру басталады. Бұл ретте заңдастыруды жарты жылдың көлемінде өткізу жоспарлануда.

Автокөліктің Қазақстанға кіру күні қалай анықталады?

Кіру күні ҰҚК Шекара қызметінің деректер базасы бойынша айқындалатын болады. Бүгінде бұл процесс толығымен автоматтандырылған. Егер шШекара қызметінде көлік құралын әкелу туралы мәліметтер болмаған жағдайда автокөліктің Қазақстан Республикасында нақты болу күні автосақтандыру полисінің алғашқы ресімделген күні бойынша айқындалатын болады.

«Оң рульді» көліктер тіркеуге қойыла ма?

Өздеріңіз білетіндей, мемлекет басшысы заңдастырудың екі критерийін белгілеген болатын. Біріншісі — автокөлік іздестіруде болмауы керек. Екіншісі — кедендік тазалаудан өтуі қажет. Егер аталған автокөліктер осы талаптарға сәйкес келсе, әрине оларды тіркеуге еш кедергі жоқ.

Шығарылған жылы мен экологиялық класы бойынша заңдастыруға шектеулер бола ма?

Заңдастыруға жататын автокөліктердің жылына және экологиялық класына талаптар қойылмайды.

«Сары» нөмірлерді бере отырып, уақытша тіркелген «армян» автокөліктеріне заңдастыру қолданыла ма?

Біздің елде уақытша тіркелген «армян» автокөліктері де заңдастыруға жатады. Оларды кедендік декларациялау талап етілмейді, себебі 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап олар Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары болып танылады.

Заңдастыру үшін қанша төлеу керек?

Негізгі төлем — бастапқы тіркеу үшін алым, ол 200 мың теңгені құрайды. Қалғаны техпаспорт пен мемлекеттік нөмір үшін алынатын төлемдер, олар үшін тағы 13 171 теңге төлеу қажет (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік нөмір мен техникалық паспорт үшін төлем сомасы шамалы өзгереді, өйткені баждар АЕК-ке байланысты есептеледі).

Заңдастыру процесі қалай жүреді?

Заңдастыруға өтінішті «Электрондық үкімет» порталы арқылы немесе арнайы Халыққа қызмет көрсету орталығына жеке өтініш жасау арқылы беруге болады. Ұсынылған құжаттар мен көлік құралы іздестіру базалары бойынша тексеріледі. Одан кейін автокөлік арнайы Халыққа қызмет көрсету орталығының тексеру пунктіне нөмірлік агрегаттарды салыстыру үшін ұсынылады. Содан кейін егер талап етілсе, автокөлікке кедендік декларациялау жүргізіледі, 200 мың теңге мөлшерінде бастапқы алым, сондай-ақ техпаспорт пен мемлекеттік нөмір үшін мемлекеттік баж төленеді. Тіркеу бекітілгеннен кейін автокөлік иесіне қазақстандық техпаспорт және мемлекеттік нөмір беріледі.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.