Қалалық қоғамдық-саяси газет

20 жастағы бойжеткен 90 жастағы көп әйелі бар қарияға тұрмысқа шықты

0 483

Солтүстік Нигерияда 20 жастағы бойжеткен өзінен 70 жас үлкен, көп әйелі бар қарияға тұрмысқа шықты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

11 желтоқсан, сенбі күні әмір Даур Умар Фарук Умар мен оның қалыңдығы Айше Иро Майканоның қарапайым үйлену тойы өтті. Қыз үшін 90 жастағы күйеу жігіт бір миллион нигериялық найра (шамамен 1 млн теңге) төлеген.

Майкано Омардың бірінші әйелі емес. Соңғы алты жылда ер адам кем дегенде төрт жас әйелге үйленген.

Отбасына жақын дереккөздердің мәліметінше, әмір жақында жаңа әйел таңдау үшін барлық әйелімен ажырасып кеткен. Олардың айтуынша, Умар жоспар бойынша бір уақытта  3 қызға үйленгісі келген.

Бұған дейін Мысырдың қауіпсіздік күштері 11 мен 12 жастағы балалардың ата-аналарын ұстағаны жазылған. Олар кәмелетке толмаған балаларын үйлендірмек болған. Мәселеге билік араласқандықтан, Каир қаласынан 30 шақырым жердегі Умм-Хенан ауылындағы балаларды некелестіру оқиғасы бүкіл қоғамға белгілі болды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.