Қалалық қоғамдық-саяси газет

20 күнде 43 адамға айыппұл салынды

0 233

Қала аумағында құрылыс қалдықтары, стихиялық қоқыстың тиісті орынға тасталынуы, тұрғындардың тазалық сақтауы бойынша аумақтық инспекторлар тарапынан ауқымды жұмыстар атқарылып келеді.

Айталық, өткен жылы жергілікті полиция қызметімен бірлесе отырып, Тараз қаласында күл-қоқыстарды арнайы орынға тастамаған тұлғалар бойынша іс-шаралар жүргізілді. Соның нәтижесінде былтыр 1392 тұрғынға ескерту беріліп, 35 адамға айыппұл салынған болатын.

Ал биылғы 15 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында көше бойына құрылыс материалдарын тастаған, қоршаған ортаны ластаған 264 заң бұзушылық тіркелді. Оның ішінде 221 азаматқа ескерту берілсе, 43-іне айыппұл салынды.

Жалпы, тазалық сақтамаған тұрғындарға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы бойынша 34 500 теңге мөлшерінде айыппұл белгіленген.

Айта кетейік, жыл басынан 612 нысан иесіне ескерту берілсе, 121 адамға айыппұл салынған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.