Қалалық қоғамдық-саяси газет

№2 бір мандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Тараз қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Керімбаева Дүйсенкүл Керімқұлқызы

0 486

Мен, Керімбаева Дүйсенкүл Керімқұлқызы, 1961 жылдың қараша айының 27 жұлдызында Жамбыл облысы, Талас ауданы, Коммунар совхозында қызметкерлер отбасында дүниеге келдім. Тараз қаласының тұрғынымын. Үш баланың анасымын.
1969 жылдан бастап 1979 жылға дейін Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Байкадам Қашқынбаев атындағы орта мектепті тәмамдадым.
1979 жылдан бастап 1985 жылға дейін «Педиатрия» мамандығы бойынша Алматы мемлекеттік медициналық институтында білім алдым.
1985 жылдан бастап 1986 жылға дейін Тараз қаласы облыстық балалар ауруханасында интерн дәрігері болып қызмет атқардым.
1986 жылдан бастап 1994 жылға дейін Тараз қаласы №2 қалалық балалар емханасы аймақтық педиатр дәрігері лауазымы бойынша қызмет атқардым.
1994 жылдан бастап 1999 жылға дейін Тараз қаласы №1 қалалық балалар емханасы ұйымдас- тырылған балалар бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқардым.
1999 жылдан бастап 2001 жылға дейін №8 отбасылық дәрігерлік амбулаторисы аға дәрігер лауазымын атқардым.
01.09.2001 жылдан бастап 19.07.2007 жылға дейін «Жаншуақ» МО бас дәрігері қызметін атқардым.
19.07.2007 жылдан бастап «№6 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК бас дәрігерінің қызметін атқарып келемін.
07.07.2019 жылы «денсаулық сақтау магистрі» дәрежесін алдым.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 10 қарашадағы Жарлығы бойынша «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне – 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталдым.
2012 жылы 18 наурызда Қазақстан Республикасы халқының денсаулығын сақтау ісіне сіңірген айрықша еңбегі үшін омырауға тағатын «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталдым.
Ұлттық медицина Ассоциациясының 2015 жылғы 1 маусымында Қазақстан Республикасы халқының өмірі мен денсаулығын сақтауға сіңірген абыройлы еңбегі үшін «Алтын дәрігер» төсбелгісімен марапатталдым.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 29 қарашадағы Жарлығы бойынша «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне – 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталдым.
2019 жылдың 7 желтоқсанында Қазақстандық салалы кәсіподақ денсаулық сақтау қызметкерлеріне сіңірген ерекше еңбегі үшін «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталдым.
Бас дәрігердің қызметін атқарып жүрген 13 жылдың ішінде «№6 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК 2014 жылдың 17-18 қарашасында «Жамбыл облысындағы ең үздік АМСК ұйымы» номи- нациясы бойынша дипломмен марапатталды.
2017 жылы «№6 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК «Үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық байқауының қалалық деңгейінде ІІІ орын алғаны үшін «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалының дипломымен марапатталды.
2021 жылдың қаңтар айынан бастап Тараз қалалық мәслихатының депутаты.
Мен Тараз қалалық мәслихатына депутат болу арқылы қоғамдағы әлеуметтік әділдікті жақтайтын, барша азаматтарға тең мүмкіндік беруді қолдайтын, сайлаушылар аманатын сақтайтын «Аманат» партиясының міндеттерін орындауды және оны іске асыруға ықпал етемін.

Депутат ретінде мен:
– «Аманат» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы жобасында көрсетілген міндеттерді орындауға;
– №2 округ тұрғындарының арыз-шағымдары мен ұсыныс-тілектеріне назар аударуға;
– тұрғын үй, инженерлік желілердің тозуы, газ тарту мәселелерін көтеруге;
– №2 округ тұрғындарының жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер телімдерін алу кезегінде тұрғандарға көмектесуге;
– қала бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге;
– «Қызыл сызық» нормаларын бұзып, құрылысын жүргізген нысандар иелерімен жұмыс істеуге;
– Тараз қалалық № 27 орта мектептің құрылысын жүргізуге;
– қалалық №34 орта мектебінің ескі ғимаратына құрылыс жұргізу мәселесін көтеруге;
– Солнечный алқабындағы су, жол, газ тарту мәселесін шешуге;
– Өз округімдегі тұрғындардың денсаулығының артуы мен сақталуына, профилактикалық іс-шараларды күшейтуіне (ауырғаннан ауырмаудың қамын жасауға);
– ана мен бала денсаулығын сақтау мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
– әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың медициналық және әлеуметтік қызметтерге қолжетімділігін арттыруға барынша ықпал етіп, аталған мәселелерді көтеруге тырысамын.
Егер маған сенім артсаңыздар, мен өз кезегімде осында көрсетілген және басқа да тұрғындардың проблемалық мәселелерінің атқарушы билік пен мемлекеттік органдар тарапынан шешімі табылуына ықпал етемін.

Құрметті сайлаушылар! Мен Сіздермен біргемін! Мен сайлаушыларыма сенемін!

Тапсырыс беруші: №2 бір мандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Тараз қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Керімбаева Д.К.
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстары есебінен төленді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.