Қалалық қоғамдық-саяси газет

№19 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Тараз қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды тағайындау туралы

0 429

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 2-3) тармақшасына, 101-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 3-1 және 6-тармақтарына сәйкес және «Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды бір мезгілде өткізу күнін келісу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 6 қыркүйектегі №39/47 қаулысы негізінде Тараз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. № 19 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Тараз қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау 2024 жылғы 8 желтоқсанға тағайындалсын.
2. Кандидаттарды ұсыну мерзімі 2024 жылғы 11 қазаннан 8 қарашаға дейін, кандидаттарды тіркеу мерзімі 2024 жылғы 13 қарашаға дейін белгіленсін.
3. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, 2024 жылғы 8 желтоқсанға тағайындалған Тараз қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
4. Осы қаулы «Jambyl-Taraz» қалалық газетінде жариялансын және Тараз қалалық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

Төраға                                                                                                      У. Байдуанов

Хатшы                                                                                                     А. Мұстафаева

№20
11 қазан 2024 жыл
Тараз қ.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.