Қалалық қоғамдық-саяси газет

№17 маршрут қызметі қайта жанданды

0 384

Тараз қаласында біраз уақыттан бері тоқтап қалған №17 маршруттық бағыт 11 қыркүйектен бастап қайта қызмет көрсетуде.

Аталған бағыт Төле би, Б.Момышұлы, А.Сейфуллин, Жамбыл, Желтоқсан, Ы.Сүлейменов, Абай, А.Асқаров, А.Пушкин, Қосы батыр, Қ.Сәтбаев, С.Қойбақов көшелері арқылы «Бурыл» алқабына, әрі қарай «Ұлы дала»(15) шағын ауданына 4 кестемен, жүру аралығы 20 минуттан үлкен және орта сыйымдылықты автобустармен қатынайды.
Тасымалдаушы мекеме – «ӘулиеатаТрансПасс» ЖШС. Алдағы уақытта серіктестік тарапынан бұл бағыттағы автобус санын 8-ге дейін көбейтіп, жүру аралығын 10 минутқа дейін қысқарту жоспарлануда.
Айта кетейік, қазіргі таңда қала аумағында жалпы саны 37 маршрут қызмет көрсетуде. Бұған қосымша биыл тағы 4 маршрут іске қосылды.

Құрмаш Қаптағай

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.