Қалалық қоғамдық-саяси газет

«162 адам байлықтың жартысын иеленген». Тоқаев жағдайды шұғыл өзгертуді тапсырды

0 278

  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың жартысының табысы 50 мың теңгеден аспайтынын, жағдайды шұғыл өзгерту керек екенін айтты, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Тоқаев ұлттық табыс бойынша 2020 жылы бизнес ең жоғары үлеске ие екенін айтты. Ол 61,5 пайыз болады. Салықтың үлесі 7,3 пайызды құраса, қазақстандықтардың жалақысы үштен бір бөлігіне де жетпейді.

«Бұл өте аз. Мысалы, Ресейде осындай экономика болғанына қарамастан, жалақы 46,7 пайыз болады, яғни бізден 1,5 есе көп. Ұлттық табысты бөлудің айқын теңгерімсіздігі байқалады әрі әділдік жағынан мәселе бар.

Халықаралық сарапшылар, соның ішінде KPMG, 162 адамға байлықтың тең жартысы тиесілі екенін растайды. Ал халықтың жартысында кіріс 50 мың теңгеден аспайды. Бұл жылына 1300 доллардан сәл асады. Мұндай табысқа өмір сүру мүмкін емес, жағдайды шұғыл түрде өзгерту керек», – деді Президент бизнес өкілдерімен кездесуде.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.