Қалалық қоғамдық-саяси газет

14 жылдан соң табылған бала өзін асырап алған ата-анасымен қалуға шешім қабылдады

0 1  041

Қытайда 14 жыл бұрын ұрлап кеткен баласын іздеп тапқан. Алайда жасөспірім өзін асырап алған отбасымен қалу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

14 жыл бұрын Сунь Чжоны Шэньчжень қаласынан ұрлап кеткен. Қазір ол 18 жаста. Үмітін үзбеген ата-анасы баласын іздеуін тоқтатпаған. Жасөспірімнің әкесі Сунь Хайян мен анасы Пэн Сыин іздеу жұмыстарының ақысын төлеу үшін бар мүліктерін сатқан. Тіпті оның орналасқан жері туралы ақпарат үшін 31 мың доллар да ұсынған.

Кейін Хайян Қытай маңындағы барлық аймақтарды аралап шыққан. Бірақ полицейлер Сунь Чжоны тек 14 жылдан кейін Шандунь провинциясының шығысынан тапты. Бет-әлпет арқылы тану техологиясы күдіктіні анықтауға көмектескен. Ал ДНҚ сараптамасы Суньнің жоғалған бала екенін дәлелдеп берді.

Күдікті қамауға алынды. Ол екі баланы ұрлады деп айыпталған. Ал жасөспірімнің өгей ата-анасы кепілдікке босап шыққан. Баспасөз өкілдеріне Сунь асырап алған ата-анасымен қалатынын мәлімдеді. Мұндай шешім қабылдауына 10 жыл бойы өсіргендері себеп болған.

Қытай заңына сәйкес адам саудасы үшін берілетін ең ауыр жаза – өлім жазасы. Ал сатып алушылар үш жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкні. Сарапшылардың айтуынша, Қытайда мұндай мәселенің туындауына отбасыда бала санын шектейтін заң әсер еткен. Алайда қазір бұл заң әлсіреген. Ондаған жыл бойы екінші баласы болған отбасыға айыппұл салынып, жүктілікті тоқтатуға мәжбүр болып келді.

Ауылдардағы отбасылар дәстүріне сәйкес ұл бала әулетті жалғастырушы болып есептелген. Сондықтан ұл балалар саудасы дамып, көптеген отбасылар қыздарын асырауға беріп отырған.

Қытайда жыл сайын қанша баланың жоғалатыны белгісіз. Мамандар бұл көрсеткіш, шамамен, мыңнан асады дейді. Билік келтірген деректер бойынша 2021 жылы 8 000-нан аса ұрланған бала өз отбасыларына қайтарылған. Қылмыстардың басым бөлігін ашуға ДНҚ сараптамасы мен бет-әлпет арқылы тану технологиясы көмектескен.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.