Тараз қалалық мәслихатының заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жасау жөніндегі тұрақты комиссиясы көпшіліктік тыңдауының хаттамасы
Тараз қаласы 14 қараша 2025 жыл
сағат 16.00
Төрағалық етуші: М.Жұманқұлов
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 13-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 1 тамыздағы №211 бұйрығының нормаларына сәйкес және Тараз қаласы әкімі тарапынан келіп түскен, яғни «Тараз қаласының бірқатар құрамдас бөліктерін қайта атау туралы.» ұсыныстың негізінде, тұрақты комиссиясының көпшіліктік тыңдауы ұйымдастырылды.
Жұмыс тобының жетекшісі:
| М.Жұманқұлов | – заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жасау жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы. |
|
Жұмыс тобының мүшелері: |
|
| Ж.Қасымбеков | – Тараз қалалық мәслихатының депутаты; |
| Э.Абдинова | – Тараз қалалық мәслихатының депутаты; |
| К.Шилібек | – Тараз қалалық мәслихатының депутаты; |
| Ә.Даулетбаева | – Тараз қалалық мәслихатының депутаты; |
| Қ.Бибазарова | – Тараз қалалық мәслихатының депутаты; |
| А.Лесбек | – Тараз қалалық мәслихатының депутаты; |
Шақырылғандар:
Тараз қаласы әкімінің орынбасары, қалалық қоғамдық кеңестің төрағасы, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, бөлім басшылары, бас инспекторлары, Тараз қаласының тұрғындары және БАҚ өкілдері.
КҮН ТӘРТІБІ:
Тараз қаласының бірқатар құрамдас бөліктерін қайта атау туралы.
Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Тоқсанбаева Бақыт Тілегенқызының баяндамасы тыңдалды.
Тараз қаласының бірқатар құрамдас бөліктерін қайта атау туралы ұсыныс:
Автомобиль көшесін – Мейіржан Айманов көшесіне;
Уездный 1-тұйық көшесін – Дастан Әділбай көшесіне;
Уездный өтпе жолын – Анатолий Воржев көшесіне;
ФЗО 1-тұйық көшесін – Полат Аянқұлов көшесіне;
ФЗО 2-тұйық көшесін – Бекжан Тіленшиев көшесіне;
Песчанный 1-тұйық көшесін – Жақсыбек Байсеитов көшесіне;
Песчанный 2-тұйық көшесін – Дархан Сүлеев көшесіне.
Жұмысшы топ мүшелері, күн тәртібіндегі мәселе бойынша қаулы қабылдау үшін дауыс берді.
Қолдағандар – 7. Қарсы – жоқ. Қалыс – жоқ.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 14-бабына сәйкес, тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Көпшіліктік тыңдау бойынша тұрақты комиссия отырысы хаттамасының көшірмесі, ұсыныс беруші, яғни Тараз қаласы әкімдігіне қолданыстағы заңнамаға сәйкес туындайтын іс-шараларды (интернет-ресурстарында орналастыру, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау және т.б.) жүргізу үшін жолдансын.
- Тараз қаласындағы көшеге атау беру туралымәселе, Тараз қалалық мәслихатының сессиясының және Тараз қаласы әкімдігі отырысының күн тәртібіне енгізу үшін жолдансын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау, Тараз қалалық мәслихатының заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жасау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Жұмыс тобының жетекшісі: М.Жұманқұлов
Жұмыс тобының мүшелері:
| Ж.Қасымбеков
|
|
| Э.Абдинова
|
|
| К.Шилібек
|
|
| Ә.Даулетбаева
|
|
| Қ.Бибазарова
|
|
| А.Лесбек |
Жұмыс тобының хатшысы: А.Байтенова