Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

101 жастағы кейуана референдумға қатысты

0 54

Тараз қаласының 101 жастағы тұрғыны Разия Әділова республикалық референдумда өз таңдауын жасады.

Қаладағы №42 референдум учаскесінің комиссия мүшелері Разия Әділованың өтініші негізінде оның үйіне арнайы барып, дауыс беру рәсімін ұйымдастырды.

Ғасыр жасаған кейуана ел болашағына бейжай қарамай, маңызды саяси науқанға қатысып, азаматтық белсенділігін көрсетті.

Кейуана елдің тұрақтылығы мен дамуы әрбір азаматтың жауапкершілігіне байланысты екенін атап өтіп, барша қазақстандықтарды референдумға қатысып, өз таңдауын жасауға шақырды.

Айта кетейік, денсаулығына немесе жасына байланысты учаскеге бара алмайтын азаматтар үшін заңға сәйкес үйден дауыс беру мүмкіндігі қарастырылған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.