Бүгін – Абай күні. 2020 жылдың 5 тамызында Үкімет қаулысының негізінде 10 тамыз «Абай күні» деп аталатын мерекелік күн болып бекітілген болатын деп хабарлады turkystan.kz.
Ғалымдардың арасында Абай Құнанбайұлының туған күніне қатысты екі түрлі ой, нұсқа айтылып келді. Алайда жұрт осы 10 тамызды ресми түрде ойшылдың туған күні деп танып, тойлап жүр. Ақынның 175 жылдық мерейтойы қарсаңында осы күнді ресми түрде «Абай күні» деп бекіткен.