Қалалық қоғамдық-саяси газет

№10 сайлау округі бойынша Т.Рысқұлов аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Мейманханов Мұратжан Құрманжанұлының сайлауалды бағдарламасы

0 195

Мен, Мейманханов Мұратжан Құрманжанұлы, 1964 жылдың 2 шілдесінде  Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Каменка ауылында  дүниеге келдім.

Ұлтым – қазақ, білімім – жоғары.

Жамбыл  педагогикалық институтын «Ұлт мектептеріндегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бойынша аяқтадым.

1970-1980 жылдары аралығында Каменка орта орта мектебінде білім алып, еңбек жолын 1981-1982  жылдары  «Путь к комунизму» колхозында слесарь болып бастадым.

1982-1984  жылдары Совет Армиясы қатарында Отан алдындағы әскери борышын өтедім.

1985 жылы  Каменка орта мектебіне дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып қабылдандым.

1990 жылы Жамбыл педогогикалық институтын «Ұлт мектептеріндегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша аяқтап, 1990 жылдан бастап Каменка орта мектебінде педагогикалық қызметімді орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жалғастырдым.

1996 жылдан бастап Каменка орта мектебінің мектеп директорының тәрбие істері жөніндегі орынбасары лауазымы бойынша нәтижелі қызмет атқардым.

2000 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінің мектеп директоры  қызметін атқарып келемін.

Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының VII шақырылым депутатымын. 2004 жылдан бастап  «AMANAT» партиясының мүшесімін.

Құрметті жерлестер!

Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының VII шақырылым депутаты ретінде алға қойылған міндеттер толығымен орындалып, жоспарлы жұмыстар атқарылды. Атап айтар болсам:

VII шақырылым депутаты ретінде 17 қоғамдық қабылдау өткіздім. 8 тұрғынның өтіші қанағаттандырылып, оң шешімін тапты. Онға жуық депутаттық сауалдар жолдап, орындалуын бақылауда ұстадым.

Елді мекендерді газдандыру бойынша Каменка,  Тасшолақ, Жалпақсаз, Қазақ, ауылдарына көгілдір отын жеткізу бойынша біршама жұмыстар атқардым.

Құрылыс жұмыстары мен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан әлеуметтік нысандарға (Құлан ауылында Құлан мектеп гимназиясы мен Қарақат ауылындағы  № 2 шағын орталықты орта мектебіне жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары) тұрақты түрде партиялық рейдтер ұйымдастырып, жұмыстардың сапалы орындалуын бақылауда ұстадым.

Партия аудандық филиалы Партиялық бақылау комиссиясының  төрағасы ретінде  6комиссия отырысын өткізіп, мемлекеттік бағдарламалардың орындалу бойынша жергілікті атқарушы орган басшылары мен мекеме, бөлім басшыларының есептерін тыңдап, ауданда мемлекеттік бағдарламалардың тұрғындарға қол жетімділігін бақылауда ұстадым.

Одан бөлек Т.Рысқұлов аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі ретінде Жол картасындағы өзіме жүктелген көрсеткіштердің орындалуын  бақылауда ұстадым.

«Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары аясында аз қамтылған отбасыларға, қарт кісілерге демеушілік жасадым.

Құрметті сайлаушылар!

Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының депутаты болып сайланған жағдайда, маған егемен еліміз бен қоғам алдында жауапты міндеттер жүктелетінін мен аса жоғары сезінемін. Алға қойған ең басты мақсатым -ұлтыма адал қызмет ету және тәуелсіз мемлекетіміздің өсіп-өркендеуі жолында аянбай еңбек ету, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына барынша үлес қосу. Осы орайда, алдыға қойған мақсатқа жету үшін төмендегі негізгі бағыттарға тоқталғым келеді.

1.Ауыл тұрғындары мен жастардың спортпен шұғылдануына жағдай жасау үшін Каменка ауылына спорт кешенін салуға ықпал ету;

  1. Каменка ауылында Қарақыстақ тау шатқалының етегінен 200 орындық балаларға арналған демалыс лагерінің салынуына ықпал ету;
  2. «Қарақыстақ» ауылдық дәрігерлік амбулаториясына күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне ықпал ету;
  3. Каменка ауылындағы С.Құланов, А.Рябинский көшелеріне жарықтандыру жұмыстарының жүргізілуіне ықпал ету;
  4. Батыс Еуропа-Батыс Қытай жолы бойына Каменка ауылын көрсететін белгі қойдыруға ықпал жасау;
  5. Ауылдағы тозығы жеткен қараусыз ғиамараттарды күрделі жөндеу жұмыстарын  жасап іске тартуға немесе жарамсыз ғимараттардың орнын тазалатуға ықпал жасау;
  6. Ауылдағы атмосфералық ауаны, топырақты, су көздерін мал шаруашылығы қалдықтарынан қорғау мақсатында технологиялық шешімдерін табуға ықпал ету;
  7. Қарақыстақ тау шатқалындағы тау суын тиімді пайдалану мақсатында су қоймасының құрылысын бастауға  ықпал  жасау;
  8. Каменка және Абай ауылдарында жол бойындағы балаларға арналған ойын алаңдарының маңына жаяу жүргіншілерге арналған жолақтар және белгілер қоюға ықпал жасау;
  9. Жастарға жеке тұрғын үй құрылысын жүргізуге арналған жер телімдерін қарастыруға ықпал жасау;
  10. Жайылым жерлерді ретке келтіруге ықпал жасау;
  11. Абай ауылынан 140 орындық мәдениет үйінің салынуына ықпал ету;

13.Абай ауылындағы Абай атындағы орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне ықпал ету;

14.Абай ауылындағы 2 көше жолының күрделі  жөндеуден өтуіне ықпал ету;

  1. Әлеуметтік осал топтағы азаматтарға қолдау көрсету;
  2. «Қауіпсіз мектеп», «Жайлы мектеп» жобаларының іске асуына ықпал жасау.

Құрметті сайлаушылар!

Мен өз сайлау учаскемдегі тұрғындардың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын айтарлықтай  жақсарту бойынша алға қойған міндеттерді шешу үшін сайлауға барамын.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.