Бұзақылық жасағаны үшін қамауға алынған әнші Төреғали Төреәлі бостандыққа шығады деп хабарлады turkystan.kz.
«Кеген аудандық соты күдікті Төреғали Төреәліні 10 млн теңге кепілдікпен босату жөніндегі істі қарады. Кепілдікпен босату ҚР Қылмыстық процессуалдық кодексте қарастырылған»,- делінген Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.