Қалалық қоғамдық-саяси газет

1 қыркүйек күні Тараз қаласының барлық мектептерінде адалдық сағаты өтті

0 1  007

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінің бастамасымен Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі мен облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен 1 қыркүйек – Білім күніне орай облыстың барлық білім беру мекемелерінде «Адалдықтың алып жыршысы – Жамбыл Жабаев» тақырыбында кезекті онлайн адалдық сағаты өтті.

Халық поэзиясының алыбы атанған Жамбылдың есімі дүние жүзі халықтарына кеңінен мәлім. Жүзге келіп, екі ғасырдың куәсі болған Жамбыл бірнеше қасиеттерді бойына жинаған. Өлместің амалы – сөз. «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» – деп бекер айтпаған.

Адалдық сағаты барысында ақынның мұрасына тән ерекшеліктер айтылды. Жамбыл – таза шындықтың ақыны, шындықтың көркем суреткері. Ұстазы Сүйінбай секілді ешкімге жалтақтамай, айтарын астарламай, ащы шындықты шымбайға батыруға дағдыланған. Ел билігіне, халық мұқтаждығына арналған өлеңдерінен бұл қасиетін оңай көре аламыз.

Ақын өз шығармасында: «Шындық кісі қолы жетпейтін аспандағы қыран емес, ұстатпайтын судағы балық та емес. Шындық кісінің көзі. Оны көру оңай болғанмен, тану қиын. Шындықтың алдында елдің бәрі бірдей кіші. Сондықтан, аспанның асты мен жердің үсті аралығында шындықтан асқан ұлы нәрсе жоқ. Оны әркім тани алмайды, әркім айта алмайды, шындықты айтқанды әркім ұната қоймайды. Шындықты айтқанды сүю де тірі пенденің бәрінің қолынан келе бермейді» – деп шыншыл болудың маңғыздылығын атап өткен.
Адалдық сағатының ұйымдастырушылары жыр алыбы Жамбылдың шығармаларындағы өзінің туған қазақ халқына тән кең пейілділік пен дархандықтың, адалдық пен адамгершіліктің, қайырымдылық пен қайсарлықтың, ынтымақ пен бірліктің, ауызекі дес бермейтін шешендік пен ағыл-тегіл төге жырлайтын ақындықтың, алғырлық пен тапқырлықтың құдіретін жастарға дәріптеуді мақсат тұтты.

Бейне-дәріс Департаменттің ресми сайтында және барлық білім беру мекемелерінің әлеуметтік желілеріне орналастырылды.

Бейне-дәріске сілтеме:

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.