Қалалық қоғамдық-саяси газет

1 наурызда бүкіл Қазақстан бойынша дабыл қағылады

0 457

1 наурызда бүкіл Қазақстан бойынша сиреналар ойнайды. Елімізде азаматтық қорғаудың ескерту жүйесіне республикалық тексеру жүргізіледі, – деп хабарлайды «Адырна» порталының тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2022 жылғы 1 наурызда Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнін мерекелеу аясында сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін азаматтық қорғаудың ескерту жүйесіне республикалық тексеру жүргізу жоспарлануда.

«Төтенше жағдайлар туралы халықты ескерту және хабардар ету тұрғындарды кез келген апаттың жағымсыз салдарынан немесе табиғат құбылыстарының әртүрлі факторларының әсерінен болатын жойқын әсерлерден қорғауға мүмкіндік беретін негізгі қауіпсіздік шарасы болып табылады. Ескерту жүйесін тексеру кезінде электр сиреналары мен сирена құрылғылары қысқа уақытқа қосылады деп болжанған (дауыс зорайтқыштар), сондай-ақ теле-және радиоарналардың эфирін ұстап тұру, интернет-ресурстар мен мобильді қосымшаларда ақпаратты орналастыру мүмкіндіктері тексеріледі» делінді ТЖМ хатында.

Құтқарушылардың айтуынша, «Назар аударамыз!» дыбыстық сигналы қауіп төнген немесе төтенше жағдай кезінде барлық шұғыл хабарламалар жіберілгенге дейін халықтың назарын аудару үшін берілетін ескерту сигналы болып табылады. Дыбыстық сигналды естіген кезде теледидарлар мен радиоларды қосу керек, бұл жағдайда қалай әрекет ету керектігі туралы нұсқаулар алу үшін Интернет ресурстары мен мобильді қосымшалардағы ақпаратты оқу керек.

«Сонымен қатар қауіпті өндірістік объектілер мен гидротехникалық құрылыстардағы жергілікті құлақтандыру жүйелерінің жұмысқа жарамдылығы тексерілетін болады. Ескерту жүйесінің республикалық тексеруі дабыл жабдығын ұстауға және халықты болуы мүмкін төтенше жағдайлардан қорғауға бағытталған», – деп толықтырды ТЖМ.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.