Қалалық қоғамдық-саяси газет

1 821,6 гектар алқап мемлекет меншігіне қайтарылды

0 275

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков жамбылдық журналистер қауымымен кездесу өткізуде. Жиында жасаған баяндамасында қала басшысы тұрғын үй салу үшін жер кезегінде тұрғандар мәселесіне тоқталды.

Бүгінгі күні Тараз қаласы аумағынан жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер телімін алу кезегінде 111 874 азамат тіркелген екен. Кезекте тұрған азаматтарды жер телімімен қамтамасыз ету мақсатында жалпы көлемі 1 821,6 гектар болатын 5 алқапты мемлекеттің мұқтажы үшін алып, қажетті инфрақұрылым жүргізу жұмыстары басталған. Олар:

– Асқаров көшесі соңындағы «Элеватор» алқабындағы жалпы көлемі 312 га жер учаскесінің ішінен 23,2 га 13 жер телімін мемлекет мұқтажына қайтару үшін шамамен 141,1 млн теңге қарастыру қажет;

– «Хамукат» алқабындағы жалпы көлемі 125 га жер учаскесінің ішінен 28,5 га құрайтын 8 жер телімін мемлекет мұқтажына қайтару үшін шамамен 92,4 млн теңге қарастыру қажет;

– «Қарасай» алқабындағы жалпы көлемі 126,6 жер учаскесінің ішінен 20 га құрайтын 5 жер телімін мемлекет мұқтажына қайтару үшін шамамен 147,0 млн теңге қарастыру қажет;

– «Казарма» алқабындағы жалпы көлемі 315 га жер учаскесінің ішінен 73,8 га 6 жер телімін мемлекет мұқтажына қайтару үшін шамамен 150 млн теңге қажет;

– «Автобекет-2» алқабындағы жалпы аумағы 539 га жер учаскесінің ішінен 535 га 223 жер телімін мемлекет мұқтажына қайтару үшін шамамен 900 млн. теңге қажет.

Аталған тұрғын алқаптарда инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдар жүргізілгеннен кейін жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін 6 213 жер телімін беруге мүмкіндік туады екен.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.