Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Асарлатып үй салу» – жобасы Шу ауданында қарқынды жүзеге асуда

0 239

   Өткен жылдан бері өңірімізде облыс әкімі Бердібек Машбекұлының бастамасымен сәтті жүзеге асып келе жатқан «Асарлатып үй салу» жобасы ауданымызда да жақсы қарқынмен жалғасып, бүгінгі күнге дейін ауданымызда 7 үй табыс етілді,- деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі .

Жыл соңына дейін 10 ауылдық округте тұрмысы төмен, аз қамтылған отбасылар және жалғызбасты аналар, асыраушысынан айырылған азаматтар мен мүмкіндігі шектеулі жандар тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда. Міне бүгін, осы жоба аясында Бірлікүстем ауылдық округі тағы бір түтінге көбейіп, бір отбасы баспаналы болды.

 

Салтанатты рәсім барысында ауылда бой көтерген жаңа тұрғын үйдің кілтін табыстау үшін аудан әкімінің орынбасары Серік Жұмалыұлы Сәрсенбеков арнайы барып, осындай игі іске ат салысқан барша қауымға алғысын білдіріп, кілтін табыс етті. Сонымен қатар, осы игі істің басы қасында болып демеушілік көрсеткен абзал азаматтарды аудан әкімінің құрмет грамоталары және алғыс хаттарымен марапаттады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.