Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қалалық басылымға жаңа басшы тағайындалды

0 180

Қалалық «Jambyl-Taraz» қоғамдық-саяси газетіне жаңа басшы тағайындалды. Газеттің директор-бас редакторы болып Дәулет Төлендіұлы қызметке кірісті.

Дәулет Төлендіұлы 1986 жылы 5 қыркүйекте Талас ауданы, Ақкөл ауылында дүниеге келген. 2004-2008 жылдары Тараз мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген. Гуманитарлық ғылымдар магистрі.
Еңбек жолын 2008 жылы Жамбыл облыстық «Арай» жастар газетінің «Саясат және сарап» бөлімінің тілшісі болып бастаған. Әр жылдары Тараз қаласы әкімдігінің «Жамбыл-Тараз» газетінде жауапты хатшы, «Нұр Отан» партиясының республикалық «Дала мен қала» газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі, «Нұр-Медиа» холдингінің Жамбыл облысы бойынша меншікті тілшісі болып еңбек еткен. 2012 жылы Жамбыл облыстық «Арай» газетінің директор-бас редакторының орынбасары қызметінде болып, 2017 жылы ҚР Ішкі істер министрлігінің «Медиа орталығы» бас директорының орынбасары, 2018 жылы Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінің директор-бас редакторының бірінші орынбасары қызметін атқарды. Ал 2018 жылдың 5 мамырынан Жамбыл облыстық «Арай» газетінің директор-бас редакторы лауазымына тағайындалды. 2021 жылдың 1 тамызына дейін «Әулиеата-медиа» холдингіне қарасты облыстық «Арай» жастар газетінің бас редакторы қызметін атқарды. 2018 жылдан ҚР Журналистер Одағы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы.
Үйленген, 3 бала тәрбиелеуде.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.

error: Көшіруге болмайды! Редакцияға хабарласыңыз.