Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Президенттің 2024 жылғы Жолдауы: сот төрелігінің қол жетімді болуы және құқықтық ағартушылық

0 275
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын және өзге де тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде халықтың құқықтық сауатын арттыру бойынша жұмыстар жүруде.

Әділет министрлігі онлайн-қызметтерді қарқынды дамытып, электрондық форматта мемлекеттік қызметтер спектрін кеңейтуде. Азаматтарға цифрлық платформалар арқылы соттар мен мемлекеттік органдарға жүгінуге мүмкіндік беріледі, бұл бюрократиялық жүктемені азайтады және уақытты үнемдейді.

Халық арасында ағартушылық жұмыс жүргізу маңызды міндет болып қала береді. Құқықтық мәдениетті нығайтуға бағытталған акциялар мен білім беру науқандары үнемі өткізіліп тұрады, бұл қоғамда заң мен мемлекеттік институттарға деген құрметті қалыптастырады.

«Егер бұрын заңсыз әрекеттерді дәлелдеу және барлық инстанциялардан өту қажет болса, енді атқарушылық іс-қимылдардың ашықтығы мен цифрлық шешімдердің мүмкіндіктері есебінен белгіленген рәсімдердің бұзылуы бірден анықталатын болады. Ал азаматтар заңсыз әрекетке тікелей жүйенің ішінде «бір батырма» арқылы шағымдана алады»,

— деді Ерлан Сәрсембаев.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.