Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді

0 169

Тараз қаласы әкімінің орынбасары Нұрсұлтан Исабеков пен қала әкімдігі құрылыс бөлімінің басшысы Дамир Жаманбаев «Ұлы Дала» (15) шағын ауданындағы тұрғындармен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында «Ұлы дала» (15) шағынауданындағы №43 жер телімінде орналасқан 14, 15, 16, 17-шекаралық белгілер бойынша электр жарығына қатысты мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар, Ортақ меншік иелерінің бірлестігі бойынша да кеңінен түсіндіріліп, аталған жүйенің жұмыс істеу тәртібі мен тиімділігі жайлы ақпарат берілді.

Тұрғындар да өз кезегінде инфрақұрылым, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы салаларындағы өзекті мәселелер төңірегінде сауалдарын жолдап, тұшымды жауаптар алды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.