Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Қаламгерлер құрмет құшағында

0 97

28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні. Осы мерекеге орай Тараз қалалық әкімдігінде салтанатты іс-шара ұйымдастырылып, өңірдегі газет, телевизия және радио саласының білікті мамандары зор құрметке ие болды.

 Салтанатты іс-шарада қала әкімі Бақытжан Орынбеков өңірдегі БАҚ өкілдерін кәсби мерекесімен құттықтады.

 – Журналистика – қызығы мен қиындығы мол, зор жауапкершілікті қажет ететін бірегей кәсіп. Қоғамда болып жатқан сан түрлі оқиғалар мен адамдардың тағдыры сіздердің жұмыстарыңыздың өзегі.

Жаңалықтың жаршысы, жақсылықтың хабаршысы болып, қоғамдық ахуалдың алғы шебінде жүретін журналистердің қызметі қашан да құрметке ие.

Шерхан Мұртаза ағамыз айтқандай, журналистердің жегені жантақ болса, арқалағаны – алтын. Сондықтан да сіздердің орындарыңыз әрдайым биік тұғырда.

Бүгінде қаламызда 66 бұқаралық ақпарат құралы тіркелген. Оның ішінде 31 мерзімді басылым, 3 телеарна және 32 ақпарат агенттігі бар. Қазіргі таңда бұлардың барлығы оқырмандардың жүрегіне жол тауып, өз жолдарын қалыптастырды. Мұның өзі халықтың баспасөз қызметіне деген сенімінің жыл сайын артып келе жатқанын айғақтайды.

Журналист болу үшін кәсіби біліктілік, батылдық пен табандылық керек екені сөзсіз, – деген Бақытжан Әмірбекұлы қаладағы БАҚ саласында аянбай еңбек етіп жүрген азаматтарды «Құрмет» граматосымен және Алғыс хаттармен марапаттады.

 Даңққа бөленгендердің қатарында әріптесіміз, «Жамбыл-Тараз» газетінің дизайнері Сәндібек Достанбеков та бар. Әріптесімізге толағай табыс тілей отырып, шығармашылық жолда биікке жетуге тілектеспіз!

Жұмаш ЖОЛБОЛДЫ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.